Бокс
Бүгін 10:12
 

Садриддин Ахмедов 12 боксшыны сұлатқан ресейлікпен айқасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Садриддин Ахмедов 12 боксшыны сұлатқан ресейлікпен айқасатын болды ©IG/photosbynancylares

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) келесі жекпе-жегін 4 желтоқсанда Түркияның Ыстанбұл қаласында IBA Pro бокс кеші аясында өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Сергей Лубкович (20-1-2, 12 KO) болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) келесі жекпе-жегін 4 желтоқсанда Түркияның Ыстанбұл қаласында IBA Pro бокс кеші аясында өткізеді. Оның қарсыласы ресейлік Сергей Лубкович (20-1-2, 12 KO) болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахмедов IBA Pro лигасында дебют жасайды

Лига қазақстандық боксшының алдағы бокс кешіне қатысатынын әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады.

Ахмедов бұл жекпе-жекке 2025 жылдың сәуірінен бері алғаш рет шығады. Сол кезде ол АҚШ-тың Коммерс қаласында мексикалық Элиас Эспадаспен (24-9-1, 16 KO) жұдырықтасып, кездесу тең аяқталған еді.

Сонымен қатар Лубковичпен өтетін айқас Садриддин үшін IBA Pro лигасындағы алғашқы жекпе-жек болмақ.

Ресейлік боксшы соңғы кездесуін биыл тамызда Набережные Челны қаласында өткізді. Ол кезде Лубкович өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевтан (9-0, 5 KO) төрешілер шешімімен жеңілген болатын.

Дусматов титул үшін жұдырықтасады

Бұған дейін Ахмедов қатысатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов (7-0, 5 KO) өнер көрсететіні хабарланған еді. Оның қарсыласы филиппиндік Родерик Баутиста (10-0, 7 KO) болады. Бұл кездесуде екінші ең жеңіл салмақтағы IBA Pro тұжырымы бойынша әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!