Бокс
21 қазан 17:34

Сабыржан Аққалықов финалда қарсыласын нокаутқа түсірді

©ҚБФ

Семейде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының өкілі Сабыржан Аққалыков пен ел чемпионы Тимур Нұрсейітов кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек жоғары қарқында басталды. Екінші раундта Аққалыков айқын басымдық танытып, қарсыласын нокаутқа жіберді. Төреші жекпе-жекті дереу тоқтатып, қарағандылық боксшының мерзімінен бұрынғы жеңісін тіркеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Осылайша, Сабыржан Аққалыков Қазақстан чемпионы атанып, елдің ең үздік және ең үмітті жас боксшыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, ол бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанған, сондай-ақ Астанада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған. 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Аққалыков 1/8 финалға дейін жетіп, украиналық Павло Иллюшеге жол берген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport