Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалыков IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалдық айқасында Сабыржан Жаңа Зеландиядан келген Таухиримати Тохерири-Халлеттпен кездесті. Бұл кездесуде Сабыржан 5:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Осылайша, келесі раундта Аққалыков World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен жұдырықтасады.
Жарнама