Бокс
24 қыркүйек 10:20
 

Сабырхандарға Шымкентте пәтер мен көлік, ал Тәшкенбай мен Оралбайға Астанада не берді?

  Пікірлер

blog.share

Сабырхандарға Шымкентте пәтер мен көлік, ал Тәшкенбай мен Оралбайға Астанада не берді? ©instagram.com/boxingkazakhstan/

Астанада әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбайға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Астанада әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбайға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшы да Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұл дода World Boxing атты жаңа ұйымның бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған болатын.

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды: 2023 жылы 48 келіде алтын иеленген ол биыл Ливерпульде 50 келіде тағы да жеңімпаз атанды.

Айбек Оралбай Қазақстан тарихында алғаш рет суперауыр салмақта әлем чемпионы атанып отыр.

Жеңімпаздарға 30 миллион теңгеден сертификат табысталды.

Еске салайық, World Boxing ұйымы өткізген тұңғыш әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, жеті алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте Махмұт пен Төрехан Сабырханға да құрмет көрсетілген еді.

Оларға демеушілер атынан пәтер кілті мен автокөліктер табысталды. Сонымен қатар, жеке сыйлық ретінде олардың әкесі Айдархан Сабырханұлына да көлік берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!