Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешіндегі жекпе-жектердің бірі мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Пуэрто-Риконың супержеңіл салмақтағы боксшысы Нестор Браво (24-1, 17 КО) мексикалық Педро Кампаны (37-5-1, 25 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.
Бұл Браво үшін кәсіпқой карьерасындағы 24-ші жеңіс және 17-ші нокаут, сондай-ақ оның еншісінде бір жеңіліс бар. Ал 37 жеңіс пен бір тең нәтижесі бар Кампа карьерасында бесінші рет жеңіліс тапты.
Бокс кешінің басты жекпе-жегінде пуэрторикалық Субриэль Матиас (23-2, 22 КО) британиялық Далтон Смиттен (18-0, 13 КО) жеңіліп, WBC титулынан айрылып қалды.