"Маған кімді жеңе алатынымды айтудың қажеті жоқ. Өзім де білемін, Альваресті жеңе аламын. Оны сабайтынымды білемін. Боксшы ретінде дағдыларым сөзсіз дәлел. Мені ешқашан жеңген емес, карьерамды да жеңілмеген күйі аяқтайтыныма сенемін.
Жеңілмеген қарсыласты - "Канелоны" жеңгім келеді. Ол титулы бар атақты адам. MTK компаниясымен жұмыс істеп жолым болды, олар бұл жекпе-жектің өтуі үшін бәрін жасап жатыр.
Ең мықты атанамын, ол үшін "Канелоны" жеңуім керек. Менің бокстағы дағдыларым өзгеше, сондықтан, ол мені сарптай алмайды. Онда неге ең мықтымен айқаспасқа?", - дейді Сондерс.