"Сабасына түсірді". Головкин "Канелоның" Биволдан жеңілгені туралы

©boxingscene.com

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасында өткен айқас туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Аталған кездесуде Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Ал Головкин болса бұл жекпе-жекте екі боксшының да таңғалдырмағанын айтты. 

"Мен "Канелоның" кездесулерін қарамаймын. Ол да менікін көрмейтін шығар. Көпшілік маған сенбейтін шығар. Біран мен оның Биволмен өткен кездесуін тікелей эфирде көрмедім. Тек ең қызық сәттерінің үзіндісін көрдім. Шынымды айтсам, екеуі де мені таңғалдырмады. Бивол өз мәнерінде, "Канело" өз стильінде жұдырықтасты. Бұл Бивол үшін сәтті күн болса, "Канело" үшін сәтсіз күн болды. 

Спортшы жеңілістен сабақ алады. Жеңілістің өзі бізді мықты ететін деңгейдеміз. Менің ойымша, бұл айқастан "Канело" көп сабақ алды. Бивол оны сабасына түсірді", - деп келтіреді Головкиннің сөзін boxingscene.com порталы. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport