Бокс
13 сәуір 2022 10:15

"Сабап тастағанын қаламаймын". Экс чемпион "Канело" - Головкин айқасы жақсылықпен бітпейтінін айтты

©boxeringweb.net

Бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тони Беллью 40 жастағы Геннадий Головкинге (42-1-1 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші рет жұдырықтасудан сақтану керек деген ойда, деп хабарлайды vRINGe.com порталы DAZN-ға сілтеме жасап.

Бұл ойға ол Головкин - Мурата айқасын көргеннен кейін келіп отыр.

"Канеломен" үшінші жекпе-жек алдында GGG үшін жақсы сынақ болды. Ол осал көрінді, қартайған, мықты панчер деуге келмейтін жігіт оны тықсырып жүрді. 

Егер оның орнында болсам, Альвареске қайта жақындамас едім. Меніңше, мұның арты жақсылықпен бітпейді. Жас ешкімді аямайды, бұл анық көрінді. GGG бұрынғы емес және "Канело" оны сабап тастағанын қаламаймын. Сауль іріленіп, қатты күшейіп алды. Мұның бәрі үшінші айқаста әсерін береді", - дейді ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport