Сабап тастады! Батырдың "Сұмдық" боксшымен айқасы нокаутпен бітті

©

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 16 КО) кәсіпқой рингтегі 24-ші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде Батыр El Terrible ("сұмдық") лақап атты украиналық Иван Редкачпен (24-6-1, 19 КО) жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жек бесіншісінде аяқталды - Жүкембаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасында жиырма үшінші жеңісіне жетіп, WBA Continental North Americas титулын қорғап қалды, ал Редкач карьерасында жетінші рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар