Америкалық бапкер Бадди Макгирт қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) өткен жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Allboxing.ru.
13 қараша Лас-Вегаста өткен бокс кешінде 29 жастағы қазақстандық алғаш рет орта салмақтағы WBO белбеуін қорғады.
"Әлімханұлы көңілді қалдырды". Жәнібек ортаңқол боксшыны әзер жеңгені айтылды
"Жақсы сабақ алдық. Бес рет қатарынан нокаутпен жеңгенде, кез келген қарсыласты сұлатам деп ойлай бастайсың. Ол тек бір соққымен құлатудың сәтін күтті, кейін өзіне келді.
Тыңдаңыз, ол әлем чемпионы, қазір де айтамын, Әлімханұлы - орта салмақтағы ең мықты боксшы. Ол жасау керегін жасады - титулын қорғап қалды", - дейді бапкер.