"Рухты жігіттер". Қазақ боксшыдан нокаутпен жеңілген америкалық қазақстандықтар жайлы

©Видеодан скрин

Америкалық Демаркус Лейтон (8-3-1, 5 КО) өзін жеңген Абылайхан Жүсіповке (3-0, 2 КО) тамсанды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол қазақстандық боксшылардың ерекшілігін атады.

Алты раундқа есептелеген айқастың екінші бөлігінде Жүсіпов америкалықты техникалық нокаутпен жеңген еді. 

"Қарсыласым мықты болды. Кәсіпқойда тәжірибесі аз, дегенмен, әбден бой үйретіп алған ұқсайды. Өте жылдам әрі техникасы мықты. Оған шамам келмеді. Болашағы зор деп ойлаймын. Сонымен қоса, Ербосынұлының дәті таңдандырды. Сонша зиянды соққы ала тұрып, жекпе-жектің аяғына дейін жету - керемет рухты екен. Жалпы қазақстандықтар өзгеше. Мықты жігіттер. Головкиннен бастап, мен көргендердің бәрі осындай", - дейді Лейтон. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport