Бокс
Бүгін 10:23

Рой Джонс Қазақстан боксы туралы ойын ашық айтты

©Steve Marcus/Reuters

Аңызға айналған америкалық боксшы кіші Рой Джонс Қазақстанға жасаған сапары жайлы пікір білдіріп, елдегі кәсіпқой боксты дамытуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sport+ Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

"Неге әлем чемпионы Қазақстанда пайда бола алмайды?"

Рой Джонстың айтуынша, қазіргі таңда бокс қарқынды дамып келеді, ал Қазақстан әлемдік кәсіпқой рингтің маңызды орталықтарының біріне айналуға әлеуеті бар.

"Бүгінде бокс өрлеу кезеңін өткеріп жатқаны анық. Менің мақсатым - Қазақстанға жиі келіп, осында кәсіпқой бокстың деңгейін қалай көтеруге болатынын зерттеу. Егер біз мұның бәрін Қазақстанда жасай алсақ, неге міндетті түрде АҚШ немесе Ұлыбританияға бару керек?

Қазір заман қатты өзгерді, әсіресе әлеуметтік желілердің ықпалы зор. Неге боксшы Қазақстанда тұрып, жаттығып жүріп, әлем чемпионы бола алмайды? Бұл туралы бүкіл әлем білер еді. Қазіргі заманда бұл әбден мүмкін. Мен осы бағытта бірдеңе өзгертуге тырысып жүрмін. Нәтижесі қандай боларын уақыт көрсетеді", - деді Джонс.

Қазақстандық бокс мектебіне жоғары баға берді

Америкалық боксшы қазақстандық боксшылардың стилі мен жетістіктеріне де ерекше тоқталып, олардың әлемдік бокстағы тарихи орны бар екенін атап өтті.

"Бұл ел мен боксшыларыңыздың стилі таңғалдырады - шын мәнінде керемет. Өз көзіммен Қазақстаннан шыққан екі Вэл Баркер кубогының иегерін көрдім: Серік Сәпиев пен Василий Жиров. Қысқа уақыт ішінде екі бірдей спортшының осындай марапат алуы - қазақстандық бокстың деңгейі өте жоғары екенін көрсетеді.

Бұл өте әдемі әрі тамаша ел. Мұнда бокстың қалай дамып жатқанын көріп, қатты ұнаттым. Менің дәл қазір осында болуымның басты себебі де - осы. Үшеу ме? Досым Серік маған Бақтияр Артаевтың да Вэл Баркер кубогын иеленгенін еске салды, - деп түйіндеді Джонс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport