Рой Джонс "Канело" мен Усик жекпе-жегіне қатысты ойын айтты

24 желтоқсан 2021 08:50
©Колллаж KrassboX

Аты аңызға боксшы Рой Джонс укаиналық Александр Усик пен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы ойын айтты. Оның сөзін championat порталы Boxingnews24 басылымына сілтеме жасап беріп отыр

"Усикке "Канеломен" жұдырықтасу үшін салмақ түсірудің қажеті жоқ. Меніңше, Усик Альваресті оңай жеңеді. 

Усик – суперауыр салмақта чемпион. Онда ауыр салмаққа оралудың не қажеті бар? Андре Уордпен айқас үшін Чад Доусон жартылай ауыр салмақтан оралғанда не болғанын қараңыздар. Сонымен карьерасы бітті. Ендеше Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер бар да ондай қадамның қажеті жоқ. Энтони Джошуамен жұдырықтасады", - дейді Джонс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport