Риота Мурата Головкиннің "Канелодан" жеңілу себебін айтты
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Риота Мурата Yahoo Japan басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілгеніне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренадағы трилогияда "Канело" төрешілер шешімімен басым түсті.
"Головкиннің жұдырықтасу стилі неге ондай? Қысым жақсы болды, бірақ, аздап жетпеді. Өзің мықты болсаң және соққың күшті болса, қоны пайдалану керек. Бірақ бір жағынан жасың келгенде өзіңе зиян келтіре бергің келмейді. Солай болды деп ойлаймын.
"Канеломен" теңдей жекпе-жек болды деген ойдамын, бірақ, Головкин стилін өзгертіпті. Джеб жасап, шегіну бар. Осылай етпегенінде жеңетін еді", - дейді Мурата.
Еске салайық, 9 сәуір Сайтамада Головкин тоғызыншы раундта Муратаны нокаутпен жеңіп, WBA Super белбеуін иеленген еді.
Жарнама