Мұның алдында Лемье "Канелоның" қыркүйектегі жекпе-жегіне қарсыластар тізіміне кіргені хабарланған. Екі боксшының ісін де Golden Boy компаниясы жүргізеді.
"Канеломен" жекпе-жекті және оны жеңетін күнімді асыға күтемін. Сауль тамаша боксшы, өте қауіпті және мықты, оның кемшілігі жоқ. Жыл өткен сайын керемет деңгейге жетті. Ол қарсы алдыңда тұра бермейді, дегенмен, сенен ринг айналып та қашпайды. Жекпе-жектің көркі стиль, ал "Канеломен" айқас маған ыңғайлы болатын еді. Жанкүйерлерге рингтегі отшашуды көрсетер едік. Кез келген жағдайға дайын боламын. Мен жай ғана рингке шығуға емес, жеңуге оқталып отырмын", - дейді Лемье