Бірінші орта салмақтағы америкалық проспект Себастьян Фундора (19-0-1, 13 КО) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жекпе-жекке ойланбастан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мүмкіндік болса, бірден шығамын. Бұл бокс, спорт, бизнес. Ринг сыртында бәрі басқаша, бірақ, ринг ішінде сыйластық жоқ, ол ең жақсы досың немесе отбасы мүшесі болсын", - дейді боксшы The DAZN Boxing Show арнасына берген сұхбатында.
24 жастағы Фундора Сауль Альвареске де қатысты ойын айтты.
"Канеломен" кім шыққысы келмейді. Бәрі онымен жұдырықтасқысы келеді. Бұл салмақ тастау емес, керісінше, салмақ қосу ғой. Сондықтан мүмкіндік туса бірден келісемін", - дейді ол.