"Рингте жыртқыш іспеттес". Қазақ боксшының жеңісі жыл нокаутына "ұсынылды"

9 желтоқсан 2019 15:34
© Eye Of The Tiger Managment
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) "жыл нокауты" атағын жеңіп алуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында канадалық сарапшы Филипп Сен-Мартен боксшының соңғы жекпе-жегінен алған әсерімен бөлісті

Қазақ боксшы 8 желтоқсанда 25 жастағы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жетнші раундта сұлатқан еді.

"Қазақ боксшы жекпе-жекті кезекті рет сұмдық аяқтады. Менішңше, бұл "жыл нокауты" болуға лайық. Аргентиналық боксшыда мүмкіндік те болмады. Мықтылармен жұдырықтасқанына қарамастан қазақ боксшыға қарсы жекпе-жекте бір жақты таяқ жеді. Садриддин сұмдық. Рингте жыртқыш іспеттес. Жекпе-жек тамаша өтуі үшін барын салады және көрерменге керегін бере алады. Қарсыластарының бәрінен сөзсіз жоғары тұр. Соңғы жеңісі келесі жеңгейге өту керегін көрсетіп отыр", - дейді Сен-Мартен.

Бұл Ахмедовтың кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісі (10 нокаут).