Бокс
11 қыркүйек 12:08

Рингте жатқан күйі қалды! Жәнібектің салмағындағы айқас ауыр нокаутпен бітті

©instagram.com/ismail_airoud/

Устерде (Швейцария) өткен бокс кешінде италиялық Исмаил Айруд (10-1, 7 КО) пен жергілікті Эгзон Маликадж (14-2-1, 9 КО) арасында титулды жекпе-жек өтті. 

Орта салмақта Маликаджға тиесілі IBO International титулы он раундтық айқаста сарапқа салынды. 

Үшінші раундта Айруд қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Маликадж рингте жатқан күйінде қалды.

Айруд белбеуді тартып алды, ал Маликадж карьерасында екінші рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport