Бокс
21 шілде 12:02

Рингкте аунап жатты. Бибосыновтың кәсіпқойдағы бірінші айқасы нокаутпен бітті

©Тұрар Қазанғапов

28 жастағы қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (1-0, 1 KO) кәсіпқой карьерасын сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бибосыновтың кәсіпқойдағы бірінші жекпе-жегі Бішкектегі бокс кешінде өтті. Сәкеннің қарсыласы 23 жастағы филиппиндік Кристиан Легане (6-2-3, 4 KO) болды.

Екінші жеңіл салмақ лимитінде өткен айқас алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда қазақстандық боксшыға бір раунд жеткілікті болды – Бибосынов қарсыласын нокаутқа түсірді.


Айта кетейік, әуесқой бокста Сәкен Бибосынов үлкен жетістіктерге жеткен. Ол 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ, 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионатының қола және күміс жүлдесін алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport