Бірінші орта салмақтағы өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов ұзақ үзілістен кейін рингке оралды, деп хабаралйды Vesti.kz.
Кейінгі айқасын ол 2022 жылы шілдеде өткізген еді. Жеңіліс көрмеген өзбек боксшы осы жолы АҚШ-тағы бокс кешіне қатысты.
Мадримовтың қарсыласы америкалық Рафаэль Игбокве болды. Жекпе-жек толық 10 раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан өзбек боксшыға берді - 100-90, 99-91, 99-91.
Айта кетейік, Мадримов осыған дейінгі нокауттарының арқасында "Құбыжық" атанып кеткен еді.