Бокс
22 қыркүйек 10:37

Рингке "ораламын" деген Головкинге ең дұрыс қарсылас таңдалды

©

Бірінші орта салмақта IBF чемпионы ресейлік Бахрам Муртазалиев 43 жасында рингке оралуы мүмкін екенін айтқан қазақстандық Геннадий Головкиннің сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Муртазалиев Головкин үшін ең қисынды қарсылас болатын бкосшыны атады.

"Егер Головкин рингке оралса, жақсы қалпына түссе, қызықты болар еді. Кіммен жұдырықтасуы мүмкін? Білмеймін, оны өзі жақсы біледі. Бірақ кім не десе де, 43 жаста ағза бұрынғыдай болмайды. Сол себепті жоғары деңгейде өнер көрсету Головкинге өте қиын болады. Егер ол екінші орта салмақта жұдырықтасса, ол жақта өте мықты жігіттер бар. Мүмкін, Канеломен төртінші жекпе-жек ең қисынды нұсқа болар. Ал кері оралып, жас проспектен жеңілу – аса дұрыс шешім емес", – деді Бахрам Муртазалиев Betonmobile порталына берген сұхбатында.

Еске салайық, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, мексикалық Сауль Канело Альвареспен трилогияда төрешілер шешімімен есе жіберген еді. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы өтіп, даулы тең нәтижемен аяқталған. 2018 жылғы екінші жекпе-жекте жеңісті ұпай санымен Альварес еншілеген болатын.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин жаңа құрылым World Boxing ұйымындағы Олимпиадалық комиссия төрағасы және Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін атқарады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport