Рингке оралады. Қанат Исламның келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

Сурет: instagram.com/islamkanatqazaq

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) Америкаға аттанып, жаттыға бастамақ. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

"Мамыр айында ол үйінде болып, отбасына уақыт бөлгісі келді. Алайда осы айда ол жаттығуларына қайта кіріспек. Қанатты жаңа бапкер жаттықтыра бастауы ықтимал", - дейді мәлімет көзі. 

Мұның алдында қазақстандықтың менеджері Нельсон Лопес екі жекпе-жек жоспарлап отырғандарын және біреуі маусым айында өтетінін айтқан болатын. 

Еске салайық, 21-ақпан Майамиде өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам эквадорлық Джейсон Миндуны (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.