1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:09
 

Рингке қайта оралатын Қоңқабаев Джалоловпен айқастар жайлы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Рингке қайта оралатын Қоңқабаев Джалоловпен айқастар жайлы ойын айтты ©

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой карьерасын қайта жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой карьерасын қайта жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиададан кейінгі үзіліс

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев "1Бол" арнасына берген сұхбатында соңғы уақытта не себепті ақпараттық кеңістікте сирек көрінгенін түсіндірді. Оның айтуынша, Париж-2024 Олимпиадасынан кейін ол саналы түрде үзіліс алып, отбасына көбірек уақыт бөлген екен.

"Париждегі Олимпиададан кейін мен шынымен де жастарға жол беруді жөн көрдім. Үлкен спортта жүргенде отбасыңа уақыт мүлде қалмайды: айлап, жылдап оқу-жаттығу жиындарында, жарыстарда жүресің, балаларды көрмейсің. Қазір уақытымды отбасыма арнадым, әкелік міндетімді орындап жүрмін. Балаларды күнде мектепке апарып, алып келемін. Шыны керек, бұл да ерекше бақыт", - деді Қоңқабаев.

Кәсіпқой рингке оралу мүмкіндігі

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы спортпен біржола қоштаспағанын және кәсіпқойда карьерасын жалғастыру жоспары бар екенін айтты.

"Жалпы алғанда, кәсіпқой бокста өнерімді жалғастыру ойымда бар. Англия мен АҚШ тарапынан ұсыныстар түсті, қазір соларды талқылап жатырмыз. Жас ұлғайған сайын ірі ұйымдардың қызығушылығы төмендейтінін түсінемін, бірақ, соған қарамастан бұл бағытта тұрақты жұмыс істейтін компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Қалай болатынын уақыт көрсетеді", - деді ол.

Қоңқабаев болашақта бапкерлік жолды да жоққа шығармайтынын атап өтті.

"Екінші жағынан, жинаған тәжірибемді жастарға беріп, елге пайда тигізу ойымда бар. Алла қаласа, 2026 жылы жағымды жаңалықтар болады", - деп қосты спортшы.

Сондай-ақ, Қамшыбек өзінің көп жылғы қарсыласы - өзбекстандық Баходир Джалоловтың карьерасына қатысты пікір білдірді.

"Маған да көп адам жазады: "Сенің әлі айтарың бар" дейді. Баходирмен рингте талай рет кездескенбіз - бірде ол жеңді, бірде мен. Әр спортшы карьерасын жарқын жеңіспен аяқтағысы келеді. Мен де соны армандаймын. Адам қашан да биікті қалайды: бір рет чемпион болсаң, екі рет, үш рет болғың келеді. Бірақ бәрі түрлі факторларға байланысты", - деді ол.

Жетістіктері мен статистикасы

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Париж-2024 Олимпиадасынан кейін рингке шыққан жоқ. Әуесқой бокста ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019) және Азия чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021, 2022).

Кәсіпқойда қазақстандық боксшы бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!