"Рингке жастық ала шықсын. Сонда ұйықтайды". Әлімханұлы Головкин салмағындағы чемпионды айқасқа шақырды
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Солақайды қазақ стиліндегі солақай жеңе алады! Андраде? Қашан? Қай жерде? Жеңіл жұмыс. Рингке жастық ала шықсын! Ол сонда ұйықтайды", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде.
Андраде Майамиде өткен бокс кешінде міндетті қарсылас британиялық Лиам Уильямсті (23-3-1, 18 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, титулын қорғап қалды.
Әлімханұлында орта дивизионда WBC Continental Americas және WBO Global белбеулері бар.
Жарнама