Бокс
21 тамыз 2023 10:06
 
Рингке былтыр шыққан боксшы атақты Тайсонның рекордына жетті

  Пікірлер

blog.share

Рингке былтыр шыққан боксшы атақты Тайсонның рекордына жетті ©

Пуэрториколық боксшы Хесус Эскалера (16-0, 16 КО) АҚШ-тың Билокси қаласында өткен бокс кешіне қатысып, 47 жастағы бразилиялық Марсело Леандро Да Силваны (23-5, 18 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең ауыр салмқатағы жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, бірақ Эскалера қарсыласын екінші раундта-ақ құлатты. Бұл айқаста UBO титулы сарапқа салынған еді. 

Осылайша, Хесус Эскалера кәсіпқой карьерасында он жеті жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті және қарсыластарының түгелін нокаутқа түсірді. Осы жеңіс арқасында ол әйгілі Майк Тайсонның 1989 жылы қойған рекордын қайталады.

Эскалера кәсіпқой карьерасын 2022 жылы бастапты. Оның 13 жекпе-жегін ол биыл өткізді. Енді 59 күнде тағы бір жекпе-жекке шығып, нокаут жасаса, Тайсоннан асып түседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!