"Ринг сыртына ұшырды". Промоутер Головкиннің чемпиондарды қашырған жекпе-жекті еске түсірді

Сурет: AllFight.Ru
Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының жапониялық Нобухиро Ишиданы (27-11-2, 11 КО) қалай жеңгенін есіне алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 2013 жылы 30 наурыз Монакода өткен еді. Леффлердің ойынша, осы жеңістен кейін чемпиондар GGG-ден қашқақтай бастады.

"Жеті жыл бұрын GGG Монакода Нобухиро Ишидамен жұдырықтасты. GGG үшінші раундта нокаутпен жеңді, Ишиданы ринг сыртына құлатқан еді. GGG белбеулерді біріктіруге тырысқанда, осы жекпе-жек себебінен чемпиондар өзінен айналып қаша бастады. Ал Ишида карьерасында ешкімнен қашпаған және Дмитрий Пирог, Пол Уильямс пен Джеймс Киркленд сияқты мықтылармен жұдырықтасты. Альбер ханзада GGG-ді рингте жеке құттықтаған болатын", - деп жазыпты Леффлер Instagram желісіне. 
Жаңалықтар