Бокс
Бүгін 22:02

Ринг сыртына серейіп түсті. Бек Нұрмағанбеттің айқасы бірінші раундта нокаутпен бітті

©Видеодан скрин

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбет (17-0, 15 KO) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Маркос Родригеспен (21-4-1, 10 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақтағы он раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Нокауттың видеосын назарларыңызға ұсынамыз:


Жекпе-жек The Venue аренасында өткен "Мексика әлемге қарсы" атты бокс кешінің аясында ұйымдастырылды.

Кештің басты оқиғасы екінші орта салмақта мексикалық Сауль "Канело" Альварес (63-3-2, 39 KO) жеңіліп көрмеген WBC чемпионы, франциялық Кристиан Мбилли (29-0-1, 24 KO) арасындағы титулды жекпе-жек болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport