Ринг сыртына құлады. АҚШ басылымы қазақ боксшының нокаутына тамсанды

14 желтоқсан 2021 12:01
©instagram.com/ray.seitzhanov/

Спорт туралы жазатын белгілі Boxingscene.com порталы жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 KO) пен өзбекстандық Мансур Абдумаматов (6-5, 1 KO) арасындағы жекпе-жекті қорытындылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу MTK Kazakhstan 11 желтоқсан Алматыда ұйымдастырған бокс кешінде өтті. Сегіз раундқа есептелген айқас төртіншісінде нокаутпен аяқталды. Өзбек боксшы ринг сыртына құлады.

"Рай Сейітжанов алғашқы үш раундта ұстамды болды әрі дағдыларын паш етті. Осылайша, өзбекстандық қарсыласын оңай жеңіп келе жатты. Одан кейін төртінші раундтың 1:51 минутында жай түскендей оверхэнд Абдумаматовты ойыннан шығарды, баяу құлаған өзбек боксшы ауыр соққыдан қозғала алмай, жатқан жерінен тұр алмады. Өзбекстандық боксшы карьерасын жақсы бастағанымен, бесінші рет қатарынан жеңіліп отыр", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар