Ринг қожайынымен. АЧ-ны жеңіспен бастаған қазақ боксшының келесі қарсыласы белгілі

©Данияр Майлыбаев/olympic.kz©

Қазақстандық боксшы Серік Теміржановтың Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Серік бұл жарыстағы бірінші жекпе-жегінде түркіменстандық Ихлас Гылычжановты анық жеңген болатын. Енді 1/4 финалда Теміржанов шаршы алаң қожайыны Юсеф Иашашпен айқасады. Юсеф бірінші айқасында филиппиндік Марио Фернандестен төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті. 

Қазақ боксшы мен иорданиялық қарсыласының айқасы 6 қарашада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар