Қазақстандық боксшы Елянур Турганова Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite халықаралық турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Турганова жарыс қожайыны - испаниялық Марта Лопес Дель Арбольден жеңілді. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирді қола жүлдемен аяқтайды.
Бүгін, 6 ақпанда Boxam Elite турнирінде тағы 16 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.
3 ақпанда басталған Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 8 ақпандпа аяқталады. Ерлер санатында Қазақстан атынан 18 боксшы он салмақ дәрежесінде бақ сынауда. Әйелдер құрамасынан 14 қазақстандық боксшы тоғыз салмақта жарысқа түсті.