Ригадағы бокс кешінде украиналық боксшы Богдан Соболь (18-1, 8 КО) күтпеген жерден аргентиналық Лукас Бастидеден (22-3-1, 13 КО) жеңіліп қалды.
Орта салмақта IBA Intercontinental титулы үшін айқас он раундқа есептелген болатын. Алайда сегізінші раундта Бастида қарсыласын бірнеше соққымен құлатты. Осыдан кейін украиналықты рингтен зембілге салып алып кетті. Екінші раундта Соболь екі рет нокдаунға түскенін айта кетейк.
Осылайша, Богдан карьерасында алғаш рет жеңіліп, IBA Intercontinental белбеуінен айырылып қалды.