WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 KO) отандасы Энтони Джошуаны (24-3, 22 KO) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Бұл Тайсон Фьюри, көпшілікке "Сыған королі" деген атпен таныспын. Өздеріңіз білетіндей мен алдағы бірнеше ай бойы айқастар өткізгелі жатырмын. Энтони Джошуа, сенің Александр Усикке жеңілгеніңді білемін және алдағы уақытта ешқандай жоспарың жоқ. Осы орайда менімен супер ауыр салмақта WBC белбеуіне айқас өткізуге шақырамын. Келісіміңді берсең нақты күнін белгілейік. Оған дейін бірнеше ай жаттығу жасауыңа болады. Егер бас тартсаң басқа қарсылас іздеймін", - деп жазды "Сыған королі" әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Энтони Джошуа тамыз айында украиналық Александр Усикпен карьерасында екінші рет қолғап түйістіріп, ұпай санымен екінші рет жеңілген еді.