Ресми! Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

©lasvegassun.com

Қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы белбеуіне таласады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл хабарды британиялықтың промоутері Ли Итон мәімдеді. Жекпе-жек АҚШ жерінде өтеді.

"Америкада Әлімханұлымен WBO белбеуі сарапқа салынатын жекпе-жектің өтетініне қуаныштымыз", - деп жазды Итон твиттер парақшасында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар