Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.
Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17-қыркүйекке жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл сол аренада өткенін айта кеткен жөн. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.