Ресми! Әлімханұлы 26 нокауты бар боксшымен айқасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі туралы ресми хабарлады. Бұл оның титулды екінші қорғауы болады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО). 13 мамыр АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Стоктон-Аренада" өтетін бокс кешіндегі жекпе-жек 12 раундқа есептелген. 

"Ресми! Чемпиондық титулды екінші рет те сәтті қорғап, қазақ абыройын асқақтату бұйырсын! Әумин!" - деп жазыпты Жәнібек. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар