Ресеймен тең және Өзбекстаннан алда. Қазақстан боксшыларының Қытайдағы турнирдің 1/2 финалдағы қарсыластары анықталды

Асланбек Шымбергенов. © ҚБФ
Қазақстан боксшыларының Қытайда өтіп жатқан Бүкіләлемдік әскери ойындардың жартылай финалында жұдырықтасатын қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда Қазақстан атынан рингке бес боксшы шығады - олардың барлығы Уханьда өтіп жатқан турнирдің қола жүлдесіне ілігіп тұр. Қазақстандық боксшылардың жұптары келесідей:

49 келіде Теміртас Жүсіпов (Қазақстан)  - Жан Рион Ким (Солтүстік Корея)

69 келі Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Сайлом Арди (Тайланд)

75 келі Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Алексей Семыкин (Ресей)

81 келі Аят Маржикпаев (Қазақстан) - Абделрахман Ораби (Мысыр)

91 келі Абзал Кұттыбеков (Қазақстан) - Дэниэл О'Брайан (Ирландия)

Қазақстаннан бөлек бес боксшысы 1/2 финалда рингке шығатын Ресей ғана. Өзбекстаннан төрт спортшы. Ал Солтүстік Корея, Таиланд, Моңғолия және Қытайда үш боксшыдан. 

Еске салайық, жартылай финал кездесулері 25, ал ақтық жекпе-жектер 26 қазанда өтеді. Ерлерден бөлек 69 келіде Баян Ақпаева да жүлделі болды. 
Жаңалықтар