Ресейлік нокаутшы қарсыласын екінші раундта жеңді

©championat

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев америкалық Джо Смиттен басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Нью-Йорк төріндегі Madison Square Garden аренасындағы айқаста Бетербиевке тиесілі WBC мен IBF белбеуі және Смиттің WBO белбеуі сарапқа салынды.

12 раундқа жоспарланған айқас екінші раундта аяқталды. Алдымен бірінші раундта Бетербиев қарсыласын нокдаунға түсірсе, екіншісінде Смит ашық төбелес көрсетем деп қарсы соққыларға төтеп бере алмады. Нәтижесінде төреші кездесуді уақытынан ерте тоқтатуға мәжбүр болды.

Үш чемпиондық белбеуді иеленген ресейлік боксшы кәсіпқой карьерасында 18 жекпе-жегін қатарынан уақытынан ерте жеңіспен аяқтап отыр. Ал осыған дейін 28 мәрте жеңіске жеткен Джо Смит осымен төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар