Бокс
1 ақпан 21:57

Ресейлік IBF чемпионның жекпе-жегі сенсациямен бітті

©AllBoxing.ru

Англияның Ньюкасл қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы IBF титулы сарапқа салынып, бұл кездесуде ресейлік Бахрам Муртазалиев (23-1, 17 КО) британиялық Джош Келлиден (18-1-1, 9 КО) күтпеген жерде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Келлидің пайдасына аяқталды - 115:111, 114:113 және 113:113. Осылайша, британиялық боксшы Муртазалиевтің чемпиондық белбеуін тартып алып, кәсіпқой карьерасындағы 18-жеңісіне жетіп отыр. Сонымен қатар, оның еншісінде бір жеңіліс пен бір тең ойын бар.

Ал Муртазалиев үшін бұл кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін ол 23 жекпе-жек өткізіп, 17 кездесуін нокаутпен аяқтаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport