Ресейлік боксшы Эдмонд Худоянды 1/8 финалдағы жекпе-жек барысында жарыстан шеттетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Худоян 48 келі салмақта жапониялық Казума Аратакемен кездесудің екінші раундында шеттетілді. Ол айқас барысында бірнеше рет ереже бұзды. Сосын төреші кездесуді тоқтатып, ресейлік боксшыны жарыстан шығарды.
Айта кетейік, бұл салмақта қазақстан намысын Теміртас Жүсіпов қорғайды. Отандасымыз бірінші кезеңде жеңіске жетті.
Ресей құрамасынан тағы бір боксшы әлем чемпионатын аяқтады. Ол 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Илья Шакиров. Ол төрешілердің шешімі бойынша Баходур Умановтан жеңілді.
Дәл қазір Ресей құрамасында әлем чемпионатында 10 боксшы қалды.