Бокс
Бүгін 10:17

Ресейлік боксшы қазақстандықты әлем чемпионатынан шығарып тастады

©instagram.com/boxingkazakhstan

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан U-19 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Руслан Ахметов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол ресейлік Кирилл Коршаковпен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл Қазақстан құрамасынан екінші жеңіліс болды. Бұған дейін Айсұлу Мұхит (65 келі) те ширек финалға өте алмаған еді.

Сонымен қатар 1/8 финалдағы жекпе-жектерінде Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Камила Оспанова (70 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жеңіске жетті. Әсіресе Оспанова Еуропаның қазіргі чемпионы, хорватиялық Лорена Хорватты нокаутпен жеңіп, 2024 жылғы қаңтарда Сербияда өткен Nations Women's Cup халықаралық турнирінің финалындағы жеңілісі үшін қарымта қайтарды.

Айта кетейік, U-19 әлем чемпионаты World Boxing ұйымы өткізіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport