Ресейлік боксшы "Канелоны" ненің арқасында жеңгенін ашық айтты
Жартылай орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы қалай дайындалғанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жартылай орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы қалай дайындалғанын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Шынымды айтсам психологиялық тұрғыда оңай болған жоқ. Себебі барлығы "Канелоның" жеңісіне бәс тікті. Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде мексикалықтың мықты екенін жарыса жазды. Бірақ мен өз күшіме сендім. Менің командам да маған сенім артты. Өз-өзіме әрдайым нағыз чемпион сенсің деп жүрдім. Жәй ғана жаттығып қоймай, ақылмен жұмыс істедім. Алғашында алты раундтық спаррингтер жасадым. Содан кейін сегіз раунд. Кейін он раундқа дейін жаттықтым. Күн сайын таңертең 2-3 миль жүгірдім. Ойымда тек қана алдағы жекпе-жек болды және өзімнің мықты екенімді, нағыз чемпион мен екенімді іштей айтып жүрдім. Күндердің күнінде өзіме деген сенімім пайда болды. Ал айқас кезінде сенімділігім тіптен артты. Себебі оның ауыр соққыларына жақсы тойтарыс беріп отырдым. Арасында соққылары тимей жатқанда жеңіске жете алатыныма көзім жеттті. Негізі барлық раундта басым түсемін деп жоспарлағанмын. Өйткені алдымда "Канело" болса, төрешілермен де қарсылас атанарымды білдім. Олардың күмәнсіз әділ шешім жасауы үшін аянып қалмадым. "Канелоның" маған жаудырған ауыр соққыларына қарымтасын беріп отырдым. Альварес сөзсіз қорғанысы мығым боксшы. Бірақ оған менің соққыларым көбірек тиді", - дейді Бивол vRINGe.com сайтына берген сұхбатында.
Жарнама