Ресейлік боксшы Головкинді Олимпиада финалында қалай жеңгенін айтып берді

Сурет: vringe.com
Ресейлік боксшы Гайдарбек Гайдарбеков 2004 жылғы Олимпиада финалындағы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегін еске түсірді.

Афиныда өткен ойындардың шешуші айқасы 20:18 есебімен Гайдарбековтің пайдасына шешілген. Ол кезде Головкин 22, ал қарсыласы - 28 жаста болған. Ресейлік боксшы үшін бұл екінші Олимпиада болды, оған дейін боксшы Сидней Ойындарының финалына жеткен. Олимпиададан кейін Гайдарбеков бірден карьерасын аяқтады, ал қазақстандық әуесқойда екі жыл жүріп, 2006 жылы кәсіпқой рингте өнер көрсете бастады. Қазір Гайдарбеков Дағыстанның спорт министрінің орынбасары.

"Әрқашан ең қиыны финал. Бұл тауға шыққан сияқты: шыңға бір қадам қалғанда ғаламат жауапкершілік сезінесің. Таудан құласаң төменге ұзақ домалайсың. Бокста да солай.

Финал алдында эмоцияның тасығаны сондай, өзіңді жекпе-жекке дайындай алмайсың. Бірақ 2004 жылғы Олимпиаданың финалына мен тәжірибе жинап келгенмін және Геннадий Головкинмен жекпе-жекте айқас жоспарымды іске асыра алдым", - дейді Гайдарбеков Дағыстанның жастар министрлігінің ресми сайтына берген сұхбатында. 



Ал 2016 жылы Головкин 2004 жылғы Олимпиада алтынын функционерлердің рингтен тыс ойындары кесірінен жеңіп ала алмағанын айтқан. Дегенмен, боксшы жеңілістің де оң әсері болғанын атап өтті. Олимпиадада жеңген жағдайда ол карьерасын аяқтап, әлем чемпионы атанған кәсіпқой карьерасын жасай алмайтын еді. 
Жаңалықтар