"Әрқашан ең қиыны финал. Бұл тауға шыққан сияқты: шыңға бір қадам қалғанда ғаламат жауапкершілік сезінесің. Таудан құласаң төменге ұзақ домалайсың. Бокста да солай.
Финал алдында эмоцияның тасығаны сондай, өзіңді жекпе-жекке дайындай алмайсың. Бірақ 2004 жылғы Олимпиаданың финалына мен тәжірибе жинап келгенмін және Геннадий Головкинмен жекпе-жекте айқас жоспарымды іске асыра алдым", - дейді Гайдарбеков Дағыстанның жастар министрлігінің ресми сайтына берген сұхбатында.
Ал 2016 жылы Головкин 2004 жылғы Олимпиада алтынын функционерлердің рингтен тыс ойындары кесірінен жеңіп ала алмағанын айтқан. Дегенмен, боксшы жеңілістің де оң әсері болғанын атап өтті. Олимпиадада жеңген жағдайда ол карьерасын аяқтап, әлем чемпионы атанған кәсіпқой карьерасын жасай алмайтын еді.