Ресейде "Канелоны" жеңетін қазақ боксшыны атады
Спорт туралы жазатын "Чемпионат" порталында "Улучшенная версия Головкина" атты мақала жарияланды. Материалда "Канелоны" жеңетін қазақ чемпионы шыққаны туралы айтылады. Басылым мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақты жайпап өтіп, Сауль "Канело" Альвареске жетпек, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз қазақ боксының туын жалғыз Геннадий Головкин желбіретіп жүргенге үйреніп қалдық. Алайда сол салмақта жаңа жұлдыз пайда болды. Ол Жәнібек Әлімханұлы. Әуесқойдағы тәжірибесі жақсы - әлем және Азия чемпионы.
Жәнібек кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегінде GGG-дің титул үшін бірінші айқасында қарсылас болған колумбиялық Милтон Нуньеспен жұдырықтасты. Головкин оны бірінші раундта бірінші минутта құлатқан еді. Ал Жәнібек 2:25 секунд уақыт кетірді. Бастамасы жаман емес.
Кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегінен бастап қазақстандық белгілі менеджер Эгис Климаспен жұмыс жасап, Top Rank компаниясымен келісімшартқа отырды. Ал бапкері атақты Бадди Макгирт.
Мамырда ол WBO ұйымының уақытша чемпионы атанды. Дивизиондағы мықтылар Жәнібекті назарына алу керек, өйткені ол Головкиннің соққы күші мен "Канелоның" техникасын бойына қоса сіңірген. Ал Жәнібектің үлгі тұтатын боксшысы Головкин емес, 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Серік Қонақбаев екенін айта кетейік.
Қазір ол Деметриус Андрадеге тиесілі WBO чемпиондығына басты үміткер. Ұйым америкалықты Жәнібекпен жекпе-жекке міндеттеді. Ары қарай не болатыны көрейік", - деп жазады басылым.
Жарнама