Бокс
10 шілде 2021 20:00

Ресейде "қанды айқас" көрсеткен Ержан жеңілмеген қарсыласын екі рет есеңгіретіп нокаутпен жеңді

Ержан Залилов. Сурет: RCC Boxing Promotions©

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов (11-3-2, 5 КО) MTK Kazakhstan Алматыда өткізіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде отандасы Бағдат Уайдаевты (5-0, 1 КО) нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарытлай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын.

Ержан бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді. Үшінші раундта Бағдат тағы да есеңгіреп құлады, алайда, орнынан қайта тұрды. Ал жетінші раундта Залилов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, Уайдаев карьерасында бірінші рет жеңіліп отыр, ал Залилов он екінші рет жеңіске жетті. 

Айта кетейік, бүгін рингке әлі шығатын боксшылар бар:

Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО, Қазақстан) - Арман Рысбек (7-1, 6 КО, Қазақстан);

Иван Дычко (9-0, 9 КО, Қазақстан) - Денис Бахтов (39-18, 26 КО, Ресей);

Сұлтан Зауырбек (10-0, 7 КО, Қазақстан) - Ронни Кларк (21-4-2, 10 КО, Ұлыбритания);

Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО, Қазақстан) - Алексей Евченко (19-14-2, 8 КО, Ресей).

Ал мұның алдындағы айқастарда Сағадат Рахманқұл өзге қазақстандық Ерсін Нұркенұлын техникалық нокаутпен жеңді. Нұрбол Сұлтанбай өзбекстандық Умурбек Бекназаровты берілуге мәжбүр етті. Одан кейін Рахат Сейітжан төрешілер шешімімен Руслан Байтуовтан басым түсті. Кештің төртінші кездесуінде украиналық Константин Стадник үшінші раундтан кейін қазақстандық Айдос Медетпен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

Еке салайық, Ержан Екатеринбургте өткен кейінгі кездесуін "қанды айқасқа" айналдырған. 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері ресейлік Владимир Никитинмен болған сегіз раундты жекпе-жек қортыныдсы бойынша жеңімпаз анықталмады.