Бокс сарапшысы Александр Беленький 2025 жылы Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатындағы қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен ресейлік Сергей Колденков арасындағы финалдық жекпе-жекке пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz Ресей бокс федерациясына сілтеме жасап.
Солақайлардың беріспей айқасуы"Екеуінің де солақай екенін айтудың қажеті бар ма? Әрине, бар. Жүсіпов өз ережесін таңуға тырысты - алдымен оң қолмен тура соққы жасап, артынша сол қолмен соқты. Колденков та қалыс қалған жоқ: оңнан да, солдан да, дәл соққылар жасап, нокдаунның аз-ақ алдында тұрды. АДегенмен бәрібір ол сәл қалып отырды", - деді Беленький.
"Екінші раунд та дәл осындай қарқында өтті. Барлығы жаман емес еді, бірақ, Колденков бәрібір аздап ұтылып жатты, мүмкін өзі оны сезбеген де шығар. Үшінші раундта ол жекпе-жектің барысын өзгертуге тырысты, алайда, бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Жүсіповке берді", - деп қосты сарапшы.
Еске салайық, финалда Абылайхан Жүсіпов ресейлік Сергей Колденковты 4:1 есебімен жеңіп, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Бұған дейін қазақстандық боксшы әлем чемпионаттарында үш рет қола жүлде иеленген (2017, 2019, 2021), сондай-ақ, 2024 жылғы Азия чемпионатында топ жарған.
Жүлделік есеп қорытындысыТурнир қорытындысы бойынша жүлделік есепте Ресей құрамасы бірінші орын алды - 7 алтын, 5 күміс және 1 қола. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. Ал Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 3 қоламен үздік үштікті түйіндеді.