Бокс сарапшысы Александр Беленький 2025 жылы Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатындағы қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен ресейлік Сергей Колденков арасындағы финалдық жекпе-жекке пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz Ресей бокс федерациясына сілтеме жасап.
Солақайлардың беріспей айқасуы
"Екеуінің де солақай екенін айтудың қажеті бар ма? Әрине, бар. Жүсіпов өз ережесін таңуға тырысты - алдымен оң қолмен тура соққы жасап, артынша сол қолмен соқты. Колденков та қалыс қалған жоқ: оңнан да, солдан да, дәл соққылар жасап, нокдаунның аз-ақ алдында тұрды. АДегенмен бәрібір ол сәл қалып отырды", - деді Беленький.
Шиеленіс соңына дейін болды
"Екінші раунд та дәл осындай қарқында өтті. Барлығы жаман емес еді, бірақ, Колденков бәрібір аздап ұтылып жатты, мүмкін өзі оны сезбеген де шығар. Үшінші раундта ол жекпе-жектің барысын өзгертуге тырысты, алайда, бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Жүсіповке берді", - деп қосты сарапшы.
Еске салайық, финалда Абылайхан Жүсіпов ресейлік Сергей Колденковты 4:1 есебімен жеңіп, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Бұған дейін қазақстандық боксшы әлем чемпионаттарында үш рет қола жүлде иеленген (2017, 2019, 2021), сондай-ақ, 2024 жылғы Азия чемпионатында топ жарған.
Жүлделік есеп қорытындысы
Турнир қорытындысы бойынша жүлделік есепте Ресей құрамасы бірінші орын алды - 7 алтын, 5 күміс және 1 қола. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты. Ал Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 3 қоламен үздік үштікті түйіндеді.
Жарнама