Бокс
Бүгін 13:43

Ресейде дауға нүкте қою үшін Ташкентте қарымта айқас өткізуді ұсынды

©IBA Boxing

Ресей бокс федерациясының жаттықтырушылар кеңесінің төрағасы Эдуард Кравцов Дубайда (БАӘ) өткен 2025 жылғы әлем чемпионаты финалындағы даулы оқиға бойынша Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қабылдаған шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін IBA 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жектің нәтижесін өзгеріссіз қалдырған еді. Аталған айқаста ресейлік Всеволод Шумков өзбекстандық Абдумалик Халоковты төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Жекпе-жек барысында Шумков қарсыласының құлағын тістеп алған болатын.

Құлақ тістегіш ресейлік IBA шешіміне қатысты ойын айтты

Кравцовтың айтуынша, ереже бұзушылық болғанымен, IBA объектив шешім қабылдаған. Сонымен қатар, ол Өзбекстан тарапына қарымта жекпе-жек өткізуге дайын екендерін айтты.

"Мен IBA қабылдаған шешіммен толықтай келісемін. Кейбіреулер үшін бұл шешім субъектив болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұнда нақты жайттарға назар аудару керек. Иә, ереже бұзылды, алайда бұл итеру, белден төмен соққы жасау немесе қарсыласты ұстау секілді бұзушылықтармен бірдей.

Бұл әрекет жекпе-жектің нәтижесіне еш әсер ете алмайтын еді және Халоковтың жағдайын ауырлатпады. Меніңше, объектив шешім қабылданды. IBA басшысы Умар Назарович Кремлёв қарымта жекпе-жек ұйымдастыруға және екі спортшыға да IBA.PRO шоу форматында мықтыны анықтауға мүмкіндік беруге дайын екенін білемін. Бар мәселе - егер шынымен қарымта жекпе-жек қаласа, Өзбекстан тарабы бұған келісер ме екен, әрі Халоковтың осы салмақта шын мәнінде мықты екенін дәлелдегісі келе ме?

Сондай-ақ мен Всеволод Шумковпен сөйлестім. Ол кез келген уақытта, кез келген жерде қарымта жекпе-жек өткізуге дайын. Тіпті Шумков Ташкентте жұдырықтасуға да келісіп отыр", - деді Кравцов "Матч ТВ"-ға берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport