Бокс
Бүгін 14:21
 

Ресейде Бибосыновтың ӘЧ фиалында орыс боксшыны жеңгеніне сенбей жатыр

  Пікірлер

blog.share

Ресейде Бибосыновтың ӘЧ фиалында орыс боксшыны жеңгеніне сенбей жатыр ©Видеодан кадр

Ресейлік бокс сарапшысы Александр Беленький Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізген 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық пен ресейлік боксшының финалдық жекпе-жегіндегі төреліктің дұрыс болмағанын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік бокс сарапшысы Александр Беленький Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізген 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық пен ресейлік боксшының финалдық жекпе-жегіндегі төреліктің дұрыс болмағанын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Сәкен Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, әлем чемпионы атанды. Алайда Беленький бұл жекпе-жектегі төрешілердің шешіміне көңілі толмайтынын жасырмады.

"Рогозиннің бұл турнирдегі барлық жекпе-жектері сияқты, бұл кездесу де өте тартысты өтті. Тағы да екі солақай. Бірақ Рогозин комбинациялық тұрғыда әлдеқайда мықтырақ. Оның екі деңгейде жасайтын шабуылдары көз тартады. Өзім таңғалып қалдым: раундты бес төрешінің тек үшеуі ғана Рогозинге берген. Қалған екеуі қайда қарады?

Екінші раунд та сол қарқында өтті, Рогозин басым болды. Алайда соңғы секундта Рогозин (арнайы фамилиясын тағы атап отырмын) төменнен қапталға бағытталған соққыдан нокдаун алды. Өте күтпеген жағдай. Бибосыновтың соққысы анық көрінбегенімен, бұл - нағыз нокдаун. Кем дегенде, олимпиадалық бокстың ережесі бойынша. Иә, дәл уақытында емес…

Соңғы раундта қарсы шабуылға құрылған жекпе-жек өтті. Төрешілер қалай есептегенін білмеймін, бірақ, нәтиже бойынша Бибосынов 5:2 есебімен жеңіске жетті. Әйтеу бір арбитр келіспеген екен", - деді Беленький.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!