Бүгін, 11 желтоқсанда IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстаннан рингке Теміртас Жүсіпов (48 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Сабыржан Акқалықов (75 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) шығады.
Жекпе-жектер күндізгі (Қазақстан уақытымен 17:00) және кешкі (22:00) сессияларда өтеді.
1/2 финал
17:00
48 кг. Теміртас Жүсіпов - Эдмонд Худоян (Ресей)
54 кг. Сәкен Бибосынов - Тапа Чандра Бахадур (Непал)
75 кг. Сабыржан Акқалықов - Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан)
22:00
57 кг. Оразбек Асылқұлов - Андрей Пегливанян (Ресей)
63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов - Илья Попов (Ресей)
71 кг. Абылайхан Жүсіпов - Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.
Жарнама